Тегін дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тегін дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды

Тегін дәрі-дәрмектен тапшылық болмайды

«Үстіміздегі жылға арналған дәрілік препараттардың 90% сатып алынып, бүгінде еліміз бойынша қоймаларға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Келесі аптадан бастап дәрілер емханаларға түсе бастайды. Биыл жалпы сомасы 23 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі алынды. Сондықтан тегін дәрі бойынша тапшылық болмайды, бастысы оның дұрыс жеткізілуі», - деді Шәріп. 

Оның айтуынша, 2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынған дәрі-дәрмектің тізімі 1144 құрайды. Оның ішінде, 45 ауру түрі бойынша диспансерлік есепте тұрған  пациенттердің еміне 421 дәрі-дәрмек белгіленді.

Одан бөлек, ол халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қатаң бақылауға алынатынын айтып өтті. 

«Халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету бойынша 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы кез-келген азамат дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпаратты біле алады. Сол сияқты SMS жүйесі арқылы пациент тиісті дәріні уақытында алған немесе алмағаны туралы ақпарат бере алады», - деді «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы.

  • 11 Қаңтар 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бүгінде 2019 жылға арналған тегін берілетін дәрілердің 90% сатып алынды. Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.


«Үстіміздегі жылға арналған дәрілік препараттардың 90% сатып алынып, бүгінде еліміз бойынша қоймаларға жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Келесі аптадан бастап дәрілер емханаларға түсе бастайды. Биыл жалпы сомасы 23 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі алынды. Сондықтан тегін дәрі бойынша тапшылық болмайды, бастысы оның дұрыс жеткізілуі», — деді Шәріп. 

Оның айтуынша, 2019 жылы тегін қамтамасыз ету үшін сатып алынған дәрі-дәрмектің тізімі 1144 құрайды. Оның ішінде, 45 ауру түрі бойынша диспансерлік есепте тұрған  пациенттердің еміне 421 дәрі-дәрмек белгіленді.

Одан бөлек, ол халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қатаң бақылауға алынатынын айтып өтті. 

«Халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету бойынша 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы кез-келген азамат дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпаратты біле алады. Сол сияқты SMS жүйесі арқылы пациент тиісті дәріні уақытында алған немесе алмағаны туралы ақпарат бере алады», — деді «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы.

Соңғы жаңалықтар