"Тегін тойға жібереді": Наркенже Серікбаева Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тегін тойға жібереді": Наркенже Серікбаева Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты

"Тегін тойға жібереді": Наркенже Серікбаева Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты

Белгілі әнші Наркенже Серікбаева өзі қызмет жасаған Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының былығын ашты.

  • 19 Қыркүйек
  • 156
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесі мәдениет мекемесінің қирап тұрғанын айтқан еді. 

“Мен су ішкен құдығыма ешқашан түкірген емеспін. Мен Шәмші атамыздың атындағы сарайды жарға жықпай керісінше жарқырағанын қалайтын жанмын. Әнұранымыздың авторы, ұлы композитордың атын иемденген, жамау-жамау күйдегі филармонияның бүгінгі жай-күйін айттым. Шындық ащы болады, біраз кісілер шыңғырып жіберді”, – деді әнші. 

Одан кейін басшылық филармониядағы әншілерді тегін тойға шығаратынын да жайып салды. 

“Ғалымжан мырза, сосын сізге айтарым қызметіңізді асыра пайдалана бермеңіз. Қалаған уақытта шақырып алатын әнші қыздар сіздің қолжаулығыңыз емес. Әнші қыз-жігіттерді жұмыстан тыс уақытта тегін тойға жіберуді қойыңыз! Олар да бір айлыққа қарап отырмай кешкі тойға шығып ақшасын тапсын! Өнер адамына еркіндік сыйлаңыздар! Құзыретіңізді абайлап пайдаланыңыз. Менде біраз материалдар бар. Бәлеқор емеспін. Бірақ мені ашуландырмаңыз!”, – деп ескертті өнер иесі.