Тегін тұрақты табыс көзіне айналдырғандар жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тегін тұрақты табыс көзіне айналдырғандар жауапкершілікке тартылды

Тегін тұрақты табыс көзіне айналдырғандар жауапкершілікке тартылды

Алматылық тәртіп сақшылары тегін жерді заңсыз тұраққа айналдырып, көлік иелерінің қалтасын қаққандармен күресіп әлек. Осы жылдың 1 қарашасынан бастап шаһардағы тұрақтар ақысыз болу керек еді. Бұл үшін қала әкімінің арнайы қаулысы да бекітілген. Бірақ жаңа тәртіптің іс жүзінде жүзеге асуы мардымсыз. Арнайы тексеріс кезінде қала аумағында 68 ақылы тұрақ анықталды. Қаладағы сауда нүктелері мен базарларға көлікпен барсаңыз, тұраққа ақы төлеуге мәжбүрсіз. Ақы заңсыз алу мәселесін реттеу үшін тәртіп сақшылары арнайы тексеріс жүргізген. Бірақ әзірге өзгеріп кеткен жағдай байқалмайды. Енді нақты дерек келтірейік. Қаладағы ірі сауда орындары алдындағы автотұрақ. Ресми деректе оның ақысыз екені жазылған. Бірақ жағдай басқа. Бұл ғана емес, тағы бірнеше тұрақтарда жасанды төлем қағаздарын ұсынатындар көп. Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: - Қолдарындағы табыс етілетін талондардың заңдық күші жоқ. Табысты қолма-қол ақшасыз табатын тегін тұрақ қызметі бар. Мысалы, «Алматы арнайы техникалық сервис» серіктестігі 68 көлік қою орнында қызмет көрсетеді. Ондағы әрбір жұмысшы айына 70 мың теңге жалақы алады. Дегенмен өз еркіңізбен рақмет айтып, тиын-тебен ұсынсаңыз, ешкім бас тартпайды. Бауыржан Тоқмамбетов, тұрақ қызметкері: - Жұмыс істеу керек қой, бергенін аламын, бермегенін қарап тұрамын. Дәулетжан Ботбаев, қала тұрғыны: - Енді ол да далада тұр ғой. Оның да айлығы аз шығар. Береміз, енді білсек те шын көңілден береміз. Ал заң бойынша, бұл тәртіп бұзғандық болып табылады. Сондықтан компания бірнеше қызметкерін жұмыстан босатқан. Марат Пірінбеков, «Алматы техспецпаркинг» ЖШС директоры: - Өз беттерімен алған ақшаларға біз әкімшілік шараларды қолданамыз. Әзірге тегін тұрақтардағы заңдылықты реттеу мәселесі толық шешімін таппай отыр. Ал көлігін тізгіндеген жүргізушілер күн сайын шығындалуға мәжбүр. Дәулетжан Ботбаев, қала тұрғыны: - Әр тоқтаған сайын күніне 10 жерге тоқтайсың, 100 теңгеден бере берсең, 100 теңге халықтың қалтасына қиын. Ал тәртіп сақшылары 2 ай тұрақтарды қатаң бақылауға алған. Нәтижесінде 10 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу дерегін анықтады. Тегін тұрақты қаржы табу мақсатында пайдаланғандарға айыппұл салынды. Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: - Нәтижесінде айыпталған азаматтар мемлекет қазынасына 2 млн-ға жуық айыппұл төлейтін болады. 328 адам жалпы полицияға жеткізілген болатын. Олардың 293-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлемдік тәжірибеде тұрақтарды ақылы етудің өзіндік артықшылықтары да бар. Әсіресе ірі сауда орындары үшін тиімді. Тек қызмет сапасы мен қауіпсіздігі қала тұрғындарының қалтасын қақпай, талабына сай болса игі.

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz

Алматылық тәртіп сақшылары тегін жерді заңсыз тұраққа айналдырып, көлік иелерінің қалтасын қаққандармен күресіп әлек. Осы жылдың 1 қарашасынан бастап шаһардағы тұрақтар ақысыз болу керек еді. Бұл үшін қала әкімінің арнайы қаулысы да бекітілген. Бірақ жаңа тәртіптің іс жүзінде жүзеге асуы мардымсыз. Арнайы тексеріс кезінде қала аумағында 68 ақылы тұрақ анықталды. Қаладағы сауда нүктелері мен базарларға көлікпен барсаңыз, тұраққа ақы төлеуге мәжбүрсіз. Ақы заңсыз алу мәселесін реттеу үшін тәртіп сақшылары арнайы тексеріс жүргізген. Бірақ әзірге өзгеріп кеткен жағдай байқалмайды. Енді нақты дерек келтірейік. Қаладағы ірі сауда орындары алдындағы автотұрақ. Ресми деректе оның ақысыз екені жазылған. Бірақ жағдай басқа. Бұл ғана емес, тағы бірнеше тұрақтарда жасанды төлем қағаздарын ұсынатындар көп. Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Қолдарындағы табыс етілетін талондардың заңдық күші жоқ. Табысты қолма-қол ақшасыз табатын тегін тұрақ қызметі бар. Мысалы, «Алматы арнайы техникалық сервис» серіктестігі 68 көлік қою орнында қызмет көрсетеді. Ондағы әрбір жұмысшы айына 70 мың теңге жалақы алады. Дегенмен өз еркіңізбен рақмет айтып, тиын-тебен ұсынсаңыз, ешкім бас тартпайды. Бауыржан Тоқмамбетов, тұрақ қызметкері: — Жұмыс істеу керек қой, бергенін аламын, бермегенін қарап тұрамын. Дәулетжан Ботбаев, қала тұрғыны: — Енді ол да далада тұр ғой. Оның да айлығы аз шығар. Береміз, енді білсек те шын көңілден береміз. Ал заң бойынша, бұл тәртіп бұзғандық болып табылады. Сондықтан компания бірнеше қызметкерін жұмыстан босатқан. Марат Пірінбеков, «Алматы техспецпаркинг» ЖШС директоры: — Өз беттерімен алған ақшаларға біз әкімшілік шараларды қолданамыз. Әзірге тегін тұрақтардағы заңдылықты реттеу мәселесі толық шешімін таппай отыр. Ал көлігін тізгіндеген жүргізушілер күн сайын шығындалуға мәжбүр. Дәулетжан Ботбаев, қала тұрғыны: — Әр тоқтаған сайын күніне 10 жерге тоқтайсың, 100 теңгеден бере берсең, 100 теңге халықтың қалтасына қиын. Ал тәртіп сақшылары 2 ай тұрақтарды қатаң бақылауға алған. Нәтижесінде 10 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу дерегін анықтады. Тегін тұрақты қаржы табу мақсатында пайдаланғандарға айыппұл салынды. Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Нәтижесінде айыпталған азаматтар мемлекет қазынасына 2 млн-ға жуық айыппұл төлейтін болады. 328 адам жалпы полицияға жеткізілген болатын. Олардың 293-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлемдік тәжірибеде тұрақтарды ақылы етудің өзіндік артықшылықтары да бар. Әсіресе ірі сауда орындары үшін тиімді. Тек қызмет сапасы мен қауіпсіздігі қала тұрғындарының қалтасын қақпай, талабына сай болса игі.


Соңғы жаңалықтар