"Тек өзіме сендім": Көше сыпырушының бетін әрлеп, желіде танымал болған бьюти-блогер табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тек өзіме сендім": Көше сыпырушының бетін әрлеп, желіде танымал болған бьюти-блогер табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті

"Тек өзіме сендім": Көше сыпырушының бетін әрлеп, желіде танымал болған бьюти-блогер табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті

Белгілі бьюти-блогер желіде қарапайым қазақ әйелдерінің образын өзгертіп, оларға жаңа «өмір» сыйлаумен көпке танылған еді.

  • 3 Ақпан 2023
  • 171
Фото - Caravan.kz

Желіде қарапайым қазақ әйелдерін әрлеп, оларға жаңа образ берумен танылған, белгілі бьюти-блогер Бота Әбдіраманова Сaravan.kz тілшісіне экслюзивті сұхбат беріп, табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті.

Бота Әбдіраманованың негізгі мамандығы халықаралық дәрежедегі шаш безендіруші, бет әрлеуші. Бүгінде елімізге танымал бьюти-блогер, "Бота Әбдіраманованың сән салоны" желісінің негізін қалап, көпбалалы ана атанып отыр.

"Осы саладағы ең алғашқы қадамымды сән салонында қарапайым әкімші болып бастағанмын. Әкімші болып жүріп, сән шеберлерінің жұмысына көз қанықтырып, әдемілігіне тамсанатынмын. Сөйтіп өзім де осы салаға бет бұрып, білікті сән шебері атандым. Тіпті "Ғазиза сән салоны» желісінің үздік сән шебері де атандым", — деп еске алды кейіпкер сән саласындағы алғашқы қадамын.

Бүгінде Бота Әбдіраманованың өз сән салоны желісі бар. Бизнеспен қатар, Бота ханым әлеуметтік желідегі парақшаларды да өте белсенді жүргізеді.

"Парақшамда өзімді, отбасымды барынша шынайы көрсетемін. Өз аудиторияммен қуанышыммен де, қиындықтарыммен де бөлісіп отырамын. Аудиториям – менің екінші отбасым сияқты болып кетті, тіпті оларды мен "Жұлдыздары" деп атаймын. Қазір де менің "Жұлдыздары" өзімнің тұрақты клиенттерім, оларды салондарымда жиі кездестіріп тұрамын", — дейді бьюти-блогер.

Белгілі бьюти-блогер желіде қарапайым қазақ әйелдерінің образын өзгертіп, оларға жаңа «өмір» сыйлаумен көпке танылған еді. Осыған орай, ол бұл идеяның қайдан келгенін де айтып берді.

"Әрине, әр әйел өзінше сұлу, бірақ сол сұлулығын көрсете білуге, тіпті қарапайым өзіне күтім жасауға уақыт әрі мүмкіндік бола бермейді. Менің бар ойым – осындай қарапайым қазақтың қыз-келіншектеріне жаңа өмір сыйлау болды. Бастысы олардың өзгеруге деген ниеті, талпынысы болса болды", — деді блогер.


Бота Әбдіраманованың айтуынша, ол мұндай табысқа тек адал еңбегінің арқасында жеткен.

"Менің өмірімде де әр адамның өміріндегі сияқты қиын кезеңдер болды. Бірақ мен қандай жағдай болмасын өзіме сендім. Ал соңғы жылдары мен нейролингвистикалық бағдарламалауды зерттеп жүрмін, тіпті осы саланың шебері де атандым. Себебі бұл саланы мен осымен 4 жыл қатарынан зерттеп келемін. Ал болашақты өзімді Тони Робинс сынды үлкен сахнада көргім келеді. Бәлкім кім біледі, ол арманыма да жетіп қаламын. Жалпы қай сала болмасын, адамдарға өз тәжірибем арқылы мотивация берсем деймін. Алдағы бес жылда атақтан бұрын, ақыл тоқтатқан, тәуелсіз тұлға ретінде көрсем деймін. Ал жас мамандарға айтарым, қай сала болсын өзіңізге ұнайтын іспен, кәсіппен айналыссаңыздар екен. Себебі ол сіздерге міндетті түрде табыс әкелетін болады. Сосын қоғамға қалай пайда тигіземін деген сауалды да ұмытпасаңыздар. Тағы бір айта кетерлігі – қателесуден қорықпаңыздар, себебі өмірдегі әрбір қателік – ол тәжірибе, осы арқылы сіздер өмірге бейімделіп, төселесіздер", — деп сөзін аяқтады блогер.