"Тек қана сені сүйемін деді": Аша Матайдың туған інісі бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайыммен тағы да бірге көзге түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тек қана сені сүйемін деді": Аша Матайдың туған інісі бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайыммен тағы да бірге көзге түсті

"Тек қана сені сүйемін деді": Аша Матайдың туған інісі бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайыммен тағы да бірге көзге түсті

Атышулы Баян Мақсатқызының "Qween" шоуында Аша Матайдың туған інісі Айдар Асқарбек бұрынғы әйелі Жарқынай Ханайымға бір шоқ гүл сыйлап, елді таң қалдырды.

  • 7 Наурыз
  • 1668
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оларды қайта қосылған деп болжады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы Жарқынай Ханайымның өзі де желідегі парақшасында жариялады. 

Ол онда: "Сіздерге ең ұнаған сәт" деген қысқа ғана жазба қалдырған. Десе де, көпшілік оларды қайта табысты деп топшылаған. Олар: "Қызының анасын құрметтейтінінің белгісі", "Халқым осы Оразада Айдар мен Жарқынай қайта қосылып кетсін деп тілейік", "Баянның киносы ажыратты, енді мюзиклы қоссын" деп жазды. 

Сонымен бірге Жарқынай Ханайымның өзі де оқырмандардың: "Құлағыңызға не деді?" деген сауалына "Тек қана сені сүйемін деді" деген жауап қалдырған. 

Айта кетейік, жұлдызды жұп бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді. Қазір олардың ортақ қыздары бар.