Тек сапалы жолдар ғана республиканы транзиттік торапқа айналдырады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тек сапалы жолдар ғана республиканы транзиттік торапқа айналдырады - ҚР президенті

Тек сапалы жолдар ғана республиканы транзиттік торапқа айналдырады - ҚР президенті

"Біздің көздегеніміз- Қазақстанды транзиттік мемлекетке айналдыруға саяды және мұндай ахуалға тек сапалы жолдардың көмегімен ғана қол жеткізе аламыз". Бүгін, 13-қазанда Астана-Алматы тас жолының салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

  • 13 Қазан 2003
  • 993
Фото - Caravan.kz

Елбасының пайымдауынша, «жол құрылысы — мемлекет дамуының айрықша маңызды көрсеткіштерінің бірі. Елдің даму деңгейн жолдарына қарап-ақ бағалауға болады».

Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздегі жолдардың басым бөлігі жарамсыз күйде. Республика бұл жолдарға 40 жыл бойы көз қырын сала алған жоқ. «Бүгінде еліміз жолдарды қалпына келтіру мүмкіндігіне , ең негізгісі осындай қажеттілікке, мүдделілікке ие болды»,- деді президент.
Елбасы осы орайда қазір Атырау-Орал жол құрылысы салынып жатқанын, сондай-ақ, Алматы-Бішкек тас жолын салу жұмыстары қолға алынып, Алматыдан Қостанай арқылы Челябіге шығатын жол құрылысын салу жоспарланып отырғанын еске сала кетті.
Елбасының пікірінше, жол құрылысын салу — үлкен көлемде жұмыс күшін тартуға мүмкіндік беру нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендеумен бірге, ең бастысы «бұл жолдар елімізді дамытуға қызмет ететіндігімен маңызды».
Ұзындығы 1224 шақырымды құрайтын Астана-Алматы тас жолы еліміздің төрт облысының аумағы арқылы өтеді. Бұл жолды жөндеу және оңалту жұмыстары 1997-жылы басталған. Жол құрылысына 250 млн. доллар көлемінде инвестиция құйылып, оның 238 млн.-ы жол -құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Жолды салуға 7 мың адам жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар