Техаста қою тұманнан 100-ден астам көлік соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Техаста қою тұманнан 100-ден астам көлік соқтығысты

Техаста қою тұманнан 100-ден астам көлік соқтығысты

Американың Техас штатындағы автомагистральдардың бірінде тұманның салдарынан 100-ге жуық көлік соқтығысты, деп хабарлады Ресей жаңалықтар агенттігі.

  • 23 Қараша 2012
  • 327
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік апатының салдарынан 2 адам көз жұмып, 80-нен астамы зардап шекті. Зардап шеккендер жақын орналасқан 5 ауруханаға жеткізілді. Оқиға Техастың оңтүстік-шығысында, Бомонт қаласының жанында болды.

«Бұл сұмдық. Мен басқа машиналардың үстіне шығып кеткен көліктерді көрдім», — деді жергілікті полицияның өкілі Род Кэрролл.