«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарады

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарады

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында аталған компания басқармасының төрағасы Айдын Құлсейітов мәлім етті.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

«Біз инновациялық жобаларды қаржыландыруды жаңғырттық. Өздеріңіз білетін белгілі бір проблемалар болған еді. Біз ұзақ уақыт бойы себептерін сараптадық, қазіргі уақытта инновациялық жобаларды қаржыландыру жүйесін қайта қарадық деп айтуға болады ағымдағы жылы біз үш инновациялық жобаны қаржыландырдық», — деді ол.

А.Құлсейітовтің атап өтуінше, олардың қатарында мұнай химиясымен, қазақстандық киноиндустрияға пайдалану үшін арнайы эффектілер (спецэффект) өндірумен және астықты терең өңдеумен байланысты жобалар бар.