Несиелік қоржын, дебиторлық берешек пен шартты міндеттемелер бойынша жинақталған провизияның жалпы көлемі 4,068 млрд. (шамамен 30 млн. доллар), соның ішінде несиелер бойынша — 3,199 млрд., дебиторлық берешек бойынша — 559 млн., шартты міндеттемелер бойынша — 310 млн. теңге болды.
Сонымен бірге Наурыз банк салық мекемелері тарапынан 1 млрд. теңгенің алашағына қатысты мәселе бойынша сот арқылы дауласуда. Бұл қаржыны ревизорлар провизия қалыптастырылуы тиіс берешектер категориясына қосқан жоқ.