"Тектінің тұқымы": Әйгілі Олжас Сүлейменовтың қызы туралы не белгілі? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тектінің тұқымы": Әйгілі Олжас Сүлейменовтың қызы туралы не белгілі?

"Тектінің тұқымы": Әйгілі Олжас Сүлейменовтың қызы туралы не белгілі?

Әлеуметтік желіде белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың қызы Мадина Сүлейменованың түрлі кештердің көркін қыздырып жүрген аста-төк өмір салты сөз болды.

  • 22 Мамыр 2023
  • 13313
Фото - Caravan.kz

Желідегі парақшасына қарап сауық кештері онсыз өтпейді ме дерсіз. Сондай-ақ Мадина Сүлейменованың бағалы брендтерден киінетінін, тек қымбат мейрамханаларда жүретінін, шет ел аралап, тіпті, жеке ұшақпен саяхаттайтынын көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ösek-tösek телеграм арнасының жазуы бойынша, Мадинаны әкесі үнемі қолдап, сұлулығына мақтаулар айтып отырады екен. 

"Ол ешқашан сынаған емес. Ол менің ханшайымдай болып тұрғанымды айтып отырады. Әкем мәдениетті ер азамат ретінде менің құлпырып тұрғанымды елеусіз қалдырмайды. Мақтауларын айтады. Маған онысы ұнайды", — депті ол бір сұхбатында.

Мадина Сүлейменова мүсінін көрсетіп тұратын көйлектерді ұнататын секілді. Ал бұған жұрт "түрі болмаса да ақша жетеді деші", "Кәрі барби", "Тектіліктің тұқымы", "Ерсі көрінеді" деген сынды пікірлерін жазуда.

Сондай-ақ салтанаты келіскен үйін көрсетуді де ұмытпапты.

Және Мадина Сүлейменованың дипломат әкесін үнемі қолдап жүретінін де көруге болады.

Айта өтейік, Олжас Сүлейменовтың Мадина, Динара және Лейла есімді үш қызы бар. Оның жалғыз немересі Ескендір Сүлейменовті 2018 жылы Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы қағып кетіп қайтыс болған еді.

Соңғы жаңалықтар