Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Форумға телекоммуникациялар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші Израильдық компаниялардың өкілдері қатысты.
Қазақстанның инжиниринг және технологиялар трансферті орталығының вице-президенті Жанар Көмекбаева Израильдық іскертоп өкілдеріне Қазақстанда хай-тек рыногының даму мүмкіндіктері мен Алматы ІТ-саябағының жұмыс істеу жағдайларының жай-жапсарынан хабардар етті.
ҚР СІМ-нің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Израиль елінің жоғарытехнологиялық компаниялары еліміздегі инновациялық саланың дамуына айрықша қызығушылық танытуда. Мәселен SAP және Gilat Satellites тәрізді бірқатар фирмалар ақпараттық технологиялар саябағы жобасының аясында бұған дейін де Қазақстанмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып үлгерген. Басқа компаниялармен де келіссөздер жүргізілуде.
Израильге сапары барысында Қазақстандық мамандар осы елдің индустрия, сауда және еңбек министрлігінің, сондай-ақ, экспорт және халықаралық ынтымақтастық институтының жетекшілерімен кездесулер өткізіп, Орталық көрме орталығы, «Atidim» технологиялық саябағы және Gilat Satellites, LeadCom, SDI systems компанияларында болды.