Tele2 байланыс операторы Алматыда өз жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Tele2 байланыс операторы Алматыда өз жұмысын бастады

Tele2 байланыс операторы Алматыда өз жұмысын бастады

Tele2 байланыс операторы бүгін Алматы мен Алматы облысы бойынша өз байланыстарын іске қосты.

  • 30 Мамыр 2011
  • 623
Фото - Caravan.kz

Tele2 Қазақстанның ұялы байланыс нарығына 2010 жылдың наурыз айынан бастап келген. 2011 жылдың сәуір айында бұл байланыс алғаш рет Ақтөбе қаласында іске қосылса, кейінірек Батыс Қазақстан облысында жұмыс істей бастады.

«Бүгін бізде ерекше күн болып отыр, өйткені біздің үйреншікті ұялы байланысмыз тағы бір жаға оператормен толықты. Біз төмен бағалы байланыс түрін көптен күткен едік, ендігі уақытта жұртшылықтың ыңғайлы байланысқа қолжетімділігі артады деп ойлаймыз», -дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов.

«Tele2 Қазақстан» басқарма төрағасы Андрей Смелковтың айтуынша, Қазақстандағы ұялы байланыс түрі басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары. «Біз барлық оңтайлы тәжірибені жинақтай келе оны Қазақстанда пайдаланудамыз. Біздің басқа байланыс операторларына қарағанда көптеген басымдықтарымыз бар. Ол бағаның төмендігі, байланыстың сапасының жоғарылығы және басқа да қосымша мүмкіндіктеріміз бар», -дейді Андрей Смелко.
Алматының әр ауданында аталған байланыс операторының 5 фирмалық салоны ашылады. Сонымен қатар қаладағы «Астана» алаңында, «Максима», «Променад», «Сити Плюс» сауда орталықтары мен «Атакент» көрме орталығы маңында Tele2 қосу нүктелері жұмыс істеуде.

Tele2 ертең Алматы мен Алматы облысына, ал бір аптадан кейін маусымның 4 күні Астана мен Ақмола облысы бойынша іске қосылады.

Соңғы жаңалықтар