Теледидар мені табақтай қылып көрстеді - Мақпал Жүнісова - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теледидар мені табақтай қылып көрстеді - Мақпал Жүнісова

Теледидар мені табақтай қылып көрстеді - Мақпал Жүнісова

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мақпал Жүнісованың жеке концерті қызыққа толы болып өткен. Оны концертке барған халық ризашылықпен айтты. 

  • 11 Наурыз
  • 225
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Теледидар мені табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер. Көк базарға жиі барам. ОЛ жердегі бәрі достарым. Олар маған "Туу, Мәке! Қандай әдемі келеіншексіз. Теледидарда жардай болып тұрасыз, сыймай қалып", дейді. Сосын мен айттым, "құрбым, қайтем енді менен солай қылып түсірсе" деп. Бұрын Зәкең де айтушы еді: "Менің қатыным нормально сияқты еді. Теледиардан көрсем танымай қаламын" деп. Сондықтан, құрметті КТК арнасының жігіттері! Мені бір сағатқа болса да, өз қатындарыңыздай жақсы көріп, әдемі қылып түсіріңіздер!, деп әнші әзілімен халықты күлкіге қарқ қылды. 

"Үнемі теледидардан көріп жүріп, көзбе көз алғаш көргенде, үйдегілерге “ Мен Мақпал Жүнісованы көрдім, қандай нәзік, сұлу кісі” деп мақтанғанмын. Өнеріңізбен, осындай жарасымды қалжыңыңызбен тыңдармандарыңызды қуантып жүре беріңіз!", "Сіз әдемісіз. Теледидар көре алмайды просто", "Шынымен дұрыс айттыңыз. Сізді түсіргенде нәәән режиммен қойып қояды-ай деймін", деп жазды оқырмандар.