Телефон арқылы секс қызметіне жүгінетін еркектер нені қалайды - алматылық оператор қыз өзінің жұмысы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Телефон арқылы секс қызметіне жүгінетін еркектер нені қалайды - алматылық оператор қыз өзінің жұмысы жайлы айтты

Телефон арқылы секс қызметіне жүгінетін еркектер нені қалайды - алматылық оператор қыз өзінің жұмысы жайлы айтты

Телефон арқылы секс қызметінде оператор болып жұмыс істейтін бойжеткен аталған саланың жезөкшеліктен несі артық екені жайлы ашық айтты.

  • 21 Ақпан 2018
  • 3448
Фото - Caravan.kz

Виртуалды сексті жаны сүйетіндер үшін веб-камера арқылы трансляция жүргізетін көптеген студиялар мен қыздардың еңбек ететіні белгілі. Көбіне телефон арқылы секс қызметі өткен дәуірден қалған ескі дүние секілді болып көрінуі мүмкін. «Маған хабарлас» деп өзіне арбайтын сұлу қыздардың немесе «тек ересектер үшін» деген мағынада СМС жолдау да қазір жойылды. Дегенмен елімізде телефон арқылы секс қызметі әлі де танымал.

Аталған саланың операторы болып жұмыс істейтін 27 жастағы Камилла Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне өз құпияларымен бөлісті.

Камилла бұл бизнесте ешқандай өрескелдік жоқ деп есептейді, дегенмен өзінің шын есімін атамауды сұрады.

Мұнымен қашаннан бері айналысып жүрсің?

— Үш жылдай болды. Бірақ тұрақты түрде айналысамын деп айта алмаймын. Бұрындары ақша жетпей қалатын кездер болды. Сосын қосымша ақша табу жолдарын ойлана бастадым. Тіпті тәнімді сатсам ба екен деген жаман ой да келді.

— Сосын қалай басталды?

— Жезөкшелердің сайтына кіріп көріп, түрлі қызмет түрлерін оқып шықтым.Ақырында өзімнің оған дайын емес екенімді түсіндім. Бірақ телефон арқылы секс қызметін ұсынатын бір қыздың анкетасы көзіме түсті.Бұл маған аса қауіпсіз және оншалықты жиіркенішті емес болып көрінді.

Ғаламторды ақтарып,оқып алдым. Жалған нөмер сатып алдым. Киви-әмиян аштым. Бірнеше жерге хабарлама бердім. Қайда екенін айтпаймын. Кейін бізде Алматыда телефон рақылы секс қызметін ұсынатын бірнеше фирма барын білдім. Олар кейбір жерге оператор керек деген мағынада вакансия ұсынады. Ал хабарлассаң барлығын айтып береді.

— Алғашында қиын болды ма?

— Әрине қатты толқыдым. Бірақ артынан өзіме күлкілі болды. Алғашында тіпті қызық болды. Клинеттің «сексуальды» енттіккен дауысын естігенде күлкімді әрең тежедім.


Ал саған өзге еркекпен ондай мәселені талқылау жиіркенішті емес пе?

— Жоқ, өйткені мен олардың көзіне көрінбеймін. Тек оның қалауына қарай бейімделемін. Бетперде киемін десем де болады. Жасөспірім қыз керек болса — алдында жасөспрім қыз болады. Әйел қажет болса — сол болам. Бір сөзбен айтқанда әңгіме жанрындағы актрисамын. Әрине өзіндік ерекшеліктері бар. Ұятсыз сөздер айтып, боқтауға тура келеді.

Қандай ұятсыз сөз айтып көрдің?

— Оны бәрібір жариялай алмайсыз. Қоңырау шалғандардың бәрі шектен шыққандар деп ойламаңыз. Әрқайсысы әр түрлі. Біреуі дөрекілеу болғанды ұнатады, енді бірі қызды кемсіткісі келеді. Енді бірі өзін біреудің қорлағанын ұнатады.

— Саған қоңырау шалып тұрған адамның түр келбеті туралы ойланып көрдің бе?

— Мен психолог емеспін, мен тек ақша табамын. Көбіне ерекше тәрбие алған жандар хабарласады.Өзінің қиялын іске асыруға ұялатындар бар, кейде жай ерігіп қоңырау шалады. Кейбірімен қиын, кейбірімен оңай.

Ал қызметтің бағасы қандай?

— Қазір 20 минутқа 5 мың теңге аламын.Одан арзан болмайды. Эротикалық видео мен суреттер жібере аламын WhatsApp арқылы.Түрімді көрсетпеймін. Әркезде әртүрлі баға шығады.

Қандайда бір қызықты оқиға болды ма?

— Бірде Алексей деген жігіт хабарласты. Әңгіме барысында Яночка-лесбяноча деп аташы деп өтінді. Әйеліне олай істей алмайды екен. Біздің лесби достығымыз туралы айтқанымды қалады. Ваннада қалай арқасын жуғанымды, іш киімдерін кигізгенім жайлы айтқызды.

— Телефон арқылы секс қызметін ұсынушыларды үйрететін арнайы курстар бар ма?

— Мен телефон арқылы секс операторының дипломы жоқ. 10 минуттық үйрету әңгімесі жүргізілді, болды. Маған қалай сөйлесу керектігі, қай жерде баяу, қай жерде үзіліс жасауды айnып, түсіндірді.