Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

Telegram Павел Дуровтың ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады

“Телеграм” қылмыстық контенттің ұясы деп қорытты француз тергеушісі.

  • 26 Тамыз
  • 3
Фото - Caravan.kz

ВКонтакте мен Telegram мессендж негізін қалаушы миллионер Парижде тұтқындалды. Оған француз билігі бірнеше айып тағуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Соның ішінде телеграм арқылы есірткі сату, терроризмді насихаттау, заңсыз адам және қару саудасына тосқауыл қоймай, желіні халықаралық қылмыстық топтың ошағына айналдырды дейді.

Ол жақын күндері сот алдында жауап береді. Бірнеше жылға бас бостандығынан да айырылуы мүмкін дейді ақпарат көздері. Тағып отырған айыптары ауыр.

Telegram мессенжерінің ресми аккаунты компанияның негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсініктеме берді. 

«Telegram Еуропа Одағының заңдарын, соның ішінде Цифрлық қызметтер туралы заңды қатаң сақтайды — оның модерациясы салалық стандарттарға сәйкес келеді және үнемі жетілдіріліп отырады. Telegram басшысы Павел Дуровтың елден жасыратын ештеңесі жоқ және ол Еуропада жиі саяхаттайды. Платформаны теріс мақсатта пайдаланғандар үшін осы желі немесе оның иесі жауапты деу — абсурд», — делінген ресми парақшада. 

Компания мәліметінше, дүние жүзінде миллиардқа жуық қолданушы Telegram-ды байланыс құралы және өмірлік маңызды ақпарат көзі ретінде пайдаланады.

«Біз бұл жағдайдың тезірек шешілуін күтеміз. Telegram өздеріңізбен бірге», — дейді компания. 

Франция прокуратурасы бұл іс жайлы 26 тамыз күні жан-жақты ақпарат берілетінін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Ресейден шыққан миллиардер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров кеше Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталды. Оның жанында құрбысы және оққағары болған.

Жергілікті телеарнаның мәліметінше, бұған дейін Дуров Францияда іздеу жарияланған адамдар тізімінде болған.   Кейбір БАҚ тағылған айыптар бойынша ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Павел Дуров — 2021 жылдан бері Франция азаматы. Дегенмен соңғы жылдары негізінен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келді.

Француз жандармериясы бизнесменге таққан күдік ауыр. Telegram желісі арқылы:
— есірткі тасымалы
— ⁠терроризм
— ⁠балалар парнографиясы
— ⁠заңсыз қаржы айналдыру
— ⁠алаяқтық

“Телеграм” қылмыстық контенттің ұясы деп қорытты француз тергеушісі.

Дуровты бейресми екінші Цукерберг деп атайды. Мектепті алтынмен бітірген ол студент кезінде бірнеше мәрте Президент стипендиясының иегері атанды. Халықаралық қорлардан шәкіртақы алып тұрған. Дуров Петербор университетінің “ағылшын филологиясы және аударма” факультетін үздік бітірген қызыл дипломын әлі алмаған. Ерінгеннен емес ақша жасаудан қолы босамай жатыр.

Қазір оның капиталы 15,4 миллиард доллардан асады.  Айтпақшы, Дуров ұсталған сәтте-ақ оған тиесілі ТОН және NOT криптовалюталары 15% құнсызданды.