Телекоммуникация саласындағы реформалар бағаның қымбаттауына түрткі болға тиіс емес - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Телекоммуникация саласындағы реформалар бағаның қымбаттауына түрткі болға тиіс емес

Телекоммуникация саласындағы реформалар бағаның қымбаттауына түрткі болға тиіс емес

ҰР үкімет басшысы Даниал Ахметов "Қазақтелеком" АҚ президенті Қайрат Кәрібжановпен кездесу барысында телекоммуникация саласындағы реформалар әлеуметтік маңызды байланыс қызметінің бағасы қымбаттауына түрткі болға тиіс емес деп атап көрсетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Наурыз 2005
  • 740
Фото - Caravan.kz

Д.Ахметов Қазақтелеком басшысына телефон байланысының қызметі үшін абоненттік төлем мөлшерін одан әрі арттыруға жол бермеуге, халықаралық байланыс, соның ішінде Ресей мен басқа да ТМД елдері арасындағы телефон байланысының тарифтерін азайтуға қосымша шаралар қолдануды тапсырды.

Үкімет басшысының пікірінше, мұндай тапсырма мәселенің әлеуметтік маңызына және Ресеймен арадағы экономикалық байланыстардың жоғарғы қарқынына байланысты. Сонымен бірге оның айтуынша, аталған бағыттарда бағаны арзандату Ұлы отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығы қарсаңында ардагерлер үшін бір демеу болмақ.
Кездесу барысында ұлттық телекоммуникациялық компанияның жетекшісі үкімет басшысын «Қазақтелеком» АҚ-ның 2004-жылғы негізгі жұмыс қорытындысы туралы хабардар етті. Атап айтсақ, халықаралық және қалааралық байланыс рыногын ашу, әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарға өтемақы төлеу арқылы тарифтердің тепе-теңдігін бұзу, ауылдағы байланыс саласын одан әрі жаңалау және дамыту тәрізді бағыттарда саланы либерализациялау жұмыстарының қорытындысы баяндалды.
Сондай-ақ, мектептерді телефонмен қамтамасыз ету және Интернет желісіне қосу жөнінде Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Интернет желісі қызметінің бағасын белгілеу және оның аясында Қазақстандық контентті дамыту мәселелері сараланды. Қ.Кәрібжановтың айтуынша, қазір Қазақстандық тұтынушылардың 90 проценті сыртқы немесе ғаламдық желінің Қазақстанға тиесілі емес мүмкіндіктерін пайталанады.
Жұртшылықтың қызметке қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру үшін ұлттық телекоммуникациялық компания мектептер үшін Интернетті тұтыну бағасын 30 процентке арзандатуды, ал Қазақстандық интернет ресурстарға қосылу құнын 50 процентке арзандатуды ұсынып отыр.
Сондай-ақ, Д.Ахметов пен Қ.Кәрібжанов компанияның саланы дамыту бағытындағы кезек күттірмейтін мақсаттарды жүзеге асыруға, бірінші кезекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған басымдық берілген жұмыс бағыттарын сарапқа салды.

Перейти к новостям спорта