Телесериалдарды түсіруге бөлінетін қаржы көлемі артатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Телесериалдарды түсіруге бөлінетін қаржы көлемі артатын болады

Телесериалдарды түсіруге бөлінетін қаржы көлемі артатын болады

Елімізде телесериалдарды түсіруге бөлінетін қаржы көлемі көбейетін болады. Бұл туралы бүгін Астанада «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау кезінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті.

  • 5 Қазан 2012
  • 427
Фото - Caravan.kz

Телесериалдар шығару мәселесіне тоқталған вице-министр бұл сала елімізде өзінің дамуының бастапқы кезеңінде тұрғанын, сондай-ақ биылғы жылы мемлекет тарапынан телесериалдар түсіруге бөлінетін қаржы көлемі айтарлықтай өскенін жеткізді.

Айта кетейік, телесериалдарды қаржыландыру негізінен мемлекеттік телеарналарға бөлінеді. «Жалпы, біз телесериалдарды шығаруға қаржыны арттыруды көздеп отырмыз»,-деді А. Қырықбаев.

Атап айтқанда, бүгінгі жиынға мемлекеттік органдардың, холдингтер мен ұлттық компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. Қоғамдық тыңдау барысында телевизиялық өнімдерді түсірудегі жекеменшік мемлекеттік серіктестік мәселесі ұсынылды. Оның ішінде телесериалдар түсіру мәселесі де ескерілді.

Өз кезегінде вице-министр А. Қырықбаев телесериалдарды түсіру бойынша жекеменшік мемлекеттік серіктестік жайы алдағы уақытта бағдарлама аясында қарастырылатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта