Республиканың әр өңірінен жиналған 15 келіншектің арасынан үздік шыққан ол келесі жылы Сеулде өтетін «Әлем ханымы — 2011» байқауында еліміздің атынан сынға түсетін болады.
Айта кетейік, «Әлем ханымы» байқауы тұрмысқа шыққан, жасы 30-ға толмаған келіншектерге арналған жалғыз сайыс. 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан байқауға әлемнің 80-нен астам өкілі қатысып, бақ сынайды. 2008 жылы бұл додаға еліміздің атынан «Қазақстан ханымы» байқауының алғашқы жеңімпазы, тележүргізуші Динара Сәтжанова қатысқан болатын.
Байқау ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясы және «Сезон» шығармашылық бірлестігі қатысушыларға бірнеше тур дайындады.