Темекі қорабына пиктограммалар енгізу арқылы 1 млн.-ға жуық қазақстандықтың шылымды тастауына әсер етуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темекі қорабына пиктограммалар енгізу арқылы 1 млн.-ға жуық қазақстандықтың шылымды тастауына әсер етуге болады

Темекі қорабына пиктограммалар енгізу арқылы 1 млн.-ға жуық қазақстандықтың шылымды тастауына әсер етуге болады

Темекі қорабына пиктограммалар енгізу арқылы 1 млн.-ға жуық қазақстандықтың шылымды тастауына әсер етуге болады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

Бүгін Дүниежүзілік темекісіз күнге орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның вице-министрі Ерік Байжүнісов осылай мәлім етті.

«Кедендік одақ құрылғалы бері қазақстандық тарап халықаралық тұрғыдағы темекімен күрес шаралары бойынша өз ұстанымын нықтап келеді. Дәлірек айтқанда, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске арнайы өзгеріс енгізуді көздеп отырмыз. Ол бойынша темекінің әрбір қорабына шылым шегудің зияны туралы ескертулер мен пиктограммалар жапсыру ұсынылады. Қораптағы пиктограмманың фотосуреттерінде негізінен өкпе обыры мен эмфиземасы, миокард инфаркті, аяқ-қолдарының гангренасы (шіруі) сияқты темекі шегудің салдарынан туындайтын сұмдық ауру түрлері берілетін болады. Дәл осы позиция біздің темекі индустриясындағылар тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырағаны жасырын емес. Дегенмен, көптеген пікірталастар барысында оларға төтеп беріп келеміз. Ал жақында Минск қаласында ЕурАзЭҚ қатысушылары біздің ұсынысымызды мақұлдады. Енді осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетін болады», — деді Е. Байжүнісов.

Бұл ретте министрлік өкілі аталған позицияны аяғына дейін ұстанатындықтарын жеткізді. Оның айтуынша, темекі қорабына жаңадан енгізілетін пиктограммалар темекі индустриясы үшін үлкен соққы болуы мүмкін. «Солай болғаны да дұрыс. Біз өзімізге қабылдаған міндеттемелер бойынша отандық темекі өнеркәсіптері өндіретін темекі қораптарына әлгіндей пиктограммалар енгізу үшін 18 ай мерзім беретін боламыз. Ал бұл не үшін жасалып жатыр дегенге келсек, әлгіндей адамның үрейін алатын пиктограммалар темекі қорабына енгізілгеннен бастап, Қазақстанда шылым шегетін 4 млн.-нан астам адамның 240 мыңы бірден темекіні тастайды деп күтіледі. Ал темекі шегетін 840 мың адам жақын аралықта әлгі пиктограмманың әсерінен шылымды өздігінен қоятын болады. Яғни, еліміз бойынша 1 млн. адамның темекіні тастауы болжанады», — деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар