Темекіге қарсы заңнаманы жүйелі түрде бұзған заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі артады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темекіге қарсы заңнаманы жүйелі түрде бұзған заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі артады

Темекіге қарсы заңнаманы жүйелі түрде бұзған заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі артады

Бүгін Ішкі істер министрлігі «Темекі түтінінен бос Қазақстан үшін» ұлттық коалицияның заңгерлік органы болып табылатын «Темекісіз» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының темекіге қарсы бақылау жөніндегі заңнамасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

  • 6 Қараша 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Дөңгелек үстел жұмысына Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты.

Қатысушылар сындарлы диалог форматында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды, темекіге қарсы нормаларды бақылау және оны орындау шараларының практикалық кешенін талқылады.

Атап айтқанда, талқылау барысында заңды тұлғалар үшін жүйелі түрде темекіге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлдарды көбейту бойынша ұсынымдар қабылданды. Бұдан бөлек, санитарлық және өртті қадағалау қызметтерін қоса отырып, әкімшілік істерді қозғау бойынша өкілеттіктерді кеңейтетін түзетулер топтамасы да қаралды. Темекі бұйымдарын жарнамалауды жою, сондай-ақ темекі тартуға жағдай жасағаны және темекі тартатын клиенттерге қатысты әрекетсіздігі үшін рестораторлардың жауапкершілігін қатайту бойынша нақты іс-шаралар белгіленді.

Қатысушылар азаматтық жұртшылықпен, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасасқан жағдайда ғана қазақстандықтар үшін темекі түтінінсіз тиімді орта жасау және заңдылықты сақтауды жақсарту мүмкін деген пікірге келді.

Соңғы жаңалықтар