Темір жол арқылы Астана мен Ақтөбе арасында жолда жүру 11 сағатқа қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темір жол арқылы Астана мен Ақтөбе арасында жолда жүру 11 сағатқа қысқарды

Темір жол арқылы Астана мен Ақтөбе арасында жолда жүру 11 сағатқа қысқарды

12 қарашадан бастап «Ақтөбе-Астана» қатынасындағы №88/87 «Ақтөбе» жаңа жүрдек пойызына билеттер сатылу басталды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар пойыздарындағы сервисті жақсарту және жаңа жүрдек маршруттарды ашу бойынша жұмыстары жалғасуда.

  • 14 Қараша 2012
  • 618
Фото - Caravan.kz

14 желтоқсан күні Ақтөбе станциясынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған «Астана-Ақтөбе» қатынасындағы №88/87 «Ақтөбе» жаңа жүрдек жолаушылар пойызы жөнелтіледі. Қатынау мерзімділігі — күн ара жұп күндері.

Жолда жүру уақыты 11 сағатқа қысқартылып, Ақтөбеден Астанаға дейін 16 сағат 56 минутты және қайтарда 16 сағат 25 минутты құрайтын болады.

Ақтөбеден Астанаға дейінгі арақашықтық — 1411 шақырым. Аталған пойыздың вагондары Астана қаласындағы «Тұлпар-Тальго» бірлескен қазақстан-испандық кәсіпорынның зауытында құрастырылған.

Пойыз құрамы 2 техникалық вагонды, 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-кафетерий, «Турист» класты 15 вагонды қамтитын 19 «Тұлпар-Тальго» вагонынан тұрады.

Вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық-ресурсын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде сатып алынған және соған сәйкес 2014 жылға дейін тағы 420 жолаушылар вагоны сатып алынатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда жүрдек тасымалдау «Тальго» вагондарынан құрастырылған жолаушылар поездарының үш маршруты бойынша жүзеге асырылуда, олар: 2003 жылдан бері қатынайтын «Алматы-Астана» қатынасындағы №1/2 «Тұлпар», «Алматы-Шымкент» қатынасындағы №25/26 «Ақ сұңқар» және 2012 жылғы шілдеден бастап қатынайтын «Алматы-2- Петропавл» қатынасындағы №151/152 «Жетісу» пойызы.

2013 жылы тағы 2 жүрдек маршрутты ұйымдастыру жоспарланып отыр, олар: «Астана-Атырау», «Алматы-Атырау» маршруттары.

Соңғы жаңалықтар