Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысы 2005-жылы Вильнюсте өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысы 2005-жылы Вильнюсте өтеді

Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысы 2005-жылы Вильнюсте өтеді

Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының бас директорлары конфедерациясының 20-шы бас қосуы 2005-жылы Вильнюсте өтеді. Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының кезекті отырысы өткізілетін мерзімі мен күн тәртібі бүгін, 23-сәуірде Астанада айқындалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2004
  • 401
Фото - Caravan.kz

19-сәуірден бері Астанада өткен Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының 19- отырысы бүгін аяқталды. Мәжіліс барысында жүк тасымалы, жолаушы тасымалы, инфрақұрылым және жылжымалы қор жөніндегі комиссиялар бас қосты. Сондай-ақ, Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының код және ақпарат жөнідегі жұмыс тобы мен есеп-қаржылық мәселелер жөніндегі тұрақты жұмыс топтары жұмыс істеді.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Бұған қоса жиында Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының 2004 және 2005-жылдарға арналған бюджеттерінің жобасы мақұлданды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымы 1956-жылдың 28-маусымында осы саланы басқаратын министрлердің мәжілісінде құрылған халықаралық мамандандырылған ұйым. Оған көлік министрліктері немесе орталық мемлекеттік көлік органдары мен Еуропа және Азияның 25 мемлекетінің теміржолдары біріккен.
Темір жол саласындағы ынтымақтастық ұйымының басты жұмыс бағыттары Еуропа мен Азия елдерінің арасында темір жол тасымалын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастық орнату, көлік саясатына қатысты проблемаларды шешу, темір жол көлігіне қатысты құқықтық және экологиялық мәселелер, халықаралық көлік құқығы бойынша біртұтас принциптер қалыптастыру, халықаралық желілерді пайдалану тәртіптері мен техникалық шарттарын жетілдіру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, ұйым шеңберіндегі келісімдер мен келіссөздерге тікелей бағынуға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар