Темірәлиев пен Хасеновтың денелерінің көмілген жерін есімі қауіпсіздік мақсатында айтылмай отырған адам көрсетіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темірәлиев пен Хасеновтың денелерінің көмілген жерін есімі қауіпсіздік мақсатында айтылмай отырған адам көрсетіпті

Темірәлиев пен Хасеновтың денелерінің көмілген жерін есімі қауіпсіздік мақсатында айтылмай отырған адам көрсетіпті

«Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың денелерін көмген жерді көрсеткен адамның есімін ведомствоаралық тергеу тобы сол адамның қауіпсіздігі мақсатында құпия ұстап отыр.

  • 17 Маусым 2011
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Темірәлиев пен Хасеновтың көмілген жерін шамалап, қайталап айтамын, шамалап айтқан адамның есімі тергеу мүддесі мен оның қауіпсіздігі мақсатында құпия болады», — деді ҚР бас прокуратурасының тергеудің заңдылығы және тергеу ісі департаментінің бастығы Нұрмахан Исаев бейсенбі күні.

Ол денелерді іздестіру төрт жыл бойына үзілмей жүргізіліп отырғандығын айтты.

Н. Исаев сондай-ақ 2007-ші жылы қазанда Алматы облысының Қарасай ауданында және 2008-ші жылдың маусым айында Ремизовка кентінің маңайында адам денелерінің қалдықтары табылғанын жеткізді. Бірақ сарапшылар олардың Темірәлиев пен Хасеновтыкі еместігін нақты анықтапты.

Ол банкирлердің денелері табылған жерден басқа адам денелері табылмағанын жеткізді.

Сонымен қатар ҚР СІМ тергеу комитеті басқармасының бастығы Гаши Машанлоның айтуынша, аталған қылмыстық іс аясындағы іздестур жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

«Онда қазір де қазу жұмыстары жүргізілуде. Егер нәтиже болса, біз хабарлаймыз», — деді министрліктің өкілі.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың 13 мамырында «Қазтелерадионың» Алматы қаласының маңындағы қойма базасының аумағында 3-3,5 метр тереңдіктен 2 адамның мәйіті қазып алынды, олар металл бөшкелерге салынып, үстерінен әктас себіліп, көмілген», — деп хабарлады бас прокуратураның өкілі. «Бастарына қара бас киім кигізілген, денелері полиэтилен пакеттермен оралып, мойындарына жіп пен сым ілінген. Алдын ала тексеру бұл Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың мәйіттері деп айтуға негіз береді», — деп мәлім еткен болатын бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев 17 мамырда өткен брифингте.

Еске сала кетейік, Нұрбанктің топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов 2007 жылдың қаңтар айының соңында із-түссіз жоғалды. Құқық қорғау органдары олардың жоғалуына Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің қатысы бар деп күдіктенген болатын, ол банктің ірі акционері болған.

2008 жылдың 15 қаңтарында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты «Нұрбанктің» топ-менеджерлерін ұрлады, рейдерлік жасады деп айыпталған Р. Әлиевті мүлкін тәркілеумен, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 2008 жылдың 26 наурызында Ақмола гарнизонының әскери соты Р. Әливті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарды. Сот Р. Әлиевті билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер, басқа да әскери қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп таныды. Атап айтқанда, мемлекеттік құпияларды заңсыз алу және жариялау, атыс қаруы мен жарақтарды ұрлау, билікті, қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, ірі көлемде мемлекеттік мүлікті жымқыру.

Рахат Әлиевтің өзі Twitterарқылы «Нұрбанктің» топ-менеджерлерін өлтіруге қатысы жоқтығын хабарлады..«Маған кісі өлтірді деп тағылып отырған айыптауларды мойындамаймын және бұған ешқандай қатысым жоқ деп ресми түрде жариялаймын. Менің өмірім Қазақстан халқына қызмет етуге арналған», — делінген Р. Әлиевтің есіміндегі Twitterпарақшасында.

Соңғы жаңалықтар