Теміртау полициясының басшылығы шетінен жұмыстан қуылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау полициясының басшылығы шетінен жұмыстан қуылып жатыр

Теміртау полициясының басшылығы шетінен жұмыстан қуылып жатыр

Теміртау полициясының басшылығы шетінен жұмыстарынан қуылып жатыр. Бұған полиция бөліміндегі 3 қызметкердің күдіктілерді азаптады деген айыппен қамауға алынғаны себеп болған.

  • 30 Қазан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz


Ескі қала аудандық полиция бөлімінің бастығы мен оның орынбасары және криминалдық полиция бөлімшесінің бастықтары жылы орындарымен қош айтысып отыр. Бұл дау қаланың екі тұрғынының арызынан кейін шықты. Олар полиция бөлімінде қызметкерлердің тепкісінің астында қалып, азаптаудың түр түріне ұшырағандарын жайып салған еді. Іле тексеріс жүріп, шенді үш полицей қамауға алынған болатын. Жағдай әшкере болған соң облыстық ІІД басшылығы енді осылайша сол бөлімнің бастықтарын жұмыстарынан босатқан. Бұл туралы олар ресми түрде жақ ашпаса да, масқарасы шыққан бөлімнің бастықтары қол астындағыларды бетімен жібергендері үшін жазаға тартылғандары белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар