Теміртау қалалық полициясы "Испат-Кармет" ААҚ-ның бір бөлімшесінің басшысын тапсырыспен өлтіруге жасалған қылмысты әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртау қалалық полициясы "Испат-Кармет" ААҚ-ның бір бөлімшесінің басшысын тапсырыспен өлтіруге жасалған қылмысты әшкереледі

Теміртау қалалық полициясы "Испат-Кармет" ААҚ-ның бір бөлімшесінің басшысын тапсырыспен өлтіруге жасалған қылмысты әшкереледі

Теміртау қалалық полициясы "Испат-Кармет" ААҚ-ның бір бөлімшесінің тарату бюросының басшысы, 40 жастағы Николай Сидоровты 27-желтоқсанда тапсырыспен өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 399
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, Н.Сидоров өз үйінің жанында итін қыдыртып жүрген кезде аң аулайтын мылтықпен кеудесінен атып өлтірілген көрінеді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тапсырыспен кісі өлтіру оқиғасын тікелей атқарушы сол күні ұсталып, қылмысын мойындаған. Оның айтуы бойынша Сидоровты өлтіруде қолданылған бір ұңғылы, 16 калибрлі аң аулайтын мылтық, көздің тұсын ойып алған телпек пен кісі өлтірушінің тапсырыс иесінен төлемге алған 3 мың доллары табылды.
Тұтқынның көмегімен полиция кісі өлтіруге тапсырыс берген «Испат-Кармет» ААҚ-ның тағы бір қызметкерінің ізіне түсіп, оны қамауға алды. Кісі өлтіруге түрткі болған себеп әзірге хабарланбай отыр. 29-желтоқсанда прокуратураның шешімімен кісі өлтіруге қатысы бар екі адам да қамалды.