Полицейлердің ақпаратынша, Қарағанды облысы ІІД Қауіпсіздік басқармасы оперативті-іздестіру жұмыстары өткізу барысында «Миталл Стил Темиртау» АҚ «Прокатная» аумағынан шыққан 4 КАМАЗ автокөлікті тоқтатқан. Көліктерге ұрланған жалпы салмағы шамамен 180 тонна темір тиелген.
Тергеу барысында қылмысты ұйымдастарған Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты. «қазіргі кезде қылмыстық іс төңірегінде дәлелдерді растау, қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға түскен өзінің айыбын толығымен мойнына алып, қажетті сауалдарға жауап берді»,-деп түсіндірді криминалды полиция комитетіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті