Теміртауда АҚШ азаматынан ақша және алтын бұйымдар салынған сейф ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда АҚШ азаматынан ақша және алтын бұйымдар салынған сейф ұрланды

Теміртауда АҚШ азаматынан ақша және алтын бұйымдар салынған сейф ұрланды

Қарағанды. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда АҚШ азаматынан ақша және алтын бұйымдар салынған сейф ұрланды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Тамыз 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Түн ішінде белгісіз адамдар «Меговейниндустрия» корпорациясының аумағына терезені сындыра еніп, кеңседегі қабырғаға орнатылған сейфті ұрлап кетті деген хабар Теміртаудың ІІБ Шығыс полиция бөліміне 18 тамызда келіп түсті. Ол сейфтің ішінде «Меговейниндустрия» корпорациясының президенті АҚШ азаматына тиесілі ақша мен алтын бұйымдар болған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Жәбірленуші Астанадан келісімен өз кеңсесіне барғанын және 6 млн 800 мың теңге, 20 мың АҚШ доллары және жалпы құны 13 500 АҚШ доллары болатын алтын бұйымдар салынған сейфтің жоғалғанын көргенін хабарлады», — деп мәлімет ұсынды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жедел-іздестіру шараларының барысында аталмыш қылмыстың орындаушысы анықталған. Ол тонағанын мойындады және ұрлаған сейфті Қарағанды — Астана тас жолындағы қоқыс үйіндісіне апарып көміп тастағанын хабарлады.

«Сейфті алу кезінде оның есігі зақымдалғаны және ашылғаны белгілі болды. Ішіндегісін тексеру барысында 1 млн 50 мың теңгенің жетпейтіндігі анықталды», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Тонаушы Теміртау қалалық ІІБ уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қосымша тергеу шаралары жүргізілуде. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 3-тармағы, «б» тармақшасы (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша айып тағылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар