Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды (толық нұсқасы)

Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды (толық нұсқасы)

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ кәсіпорнында радиоактивті металл тиелген вагон табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Тамыз 2008
  • 509
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Теміртауда «Арселор Миттал Теміртау»АҚ кәсіпорнында 12 тамызда сағат 11.35-те Ақмола облысының Макинка станциясынан келген, «Диас Интер»ЖШС жіберген №85371312 вагонда радиациялық бақылау жүргізген кезде шектеулі сәуле деңгейінен 750 мкр/сағ арту оқиғасы тіркелді.

Вагон «Арселор Миттал Теміртау»АҚ -ның копр цехының тұйықталымында тұр.

ТЖМ мәліметінше, «13 тамыздағы сағат 18.00-дегі жағдаймен вагоннан металлды түсіру барысында радиациялық фон көзі анықталды (диаметрі 50 мм, ұзындығы 500 мм металл құбыр сынығы), оның көрсеткіші 700 мкр/сағ болды. Радиоактивтік ластау көзі тәркіленіп, жарату үшін уақытша сақтауға қойылды. Қалған металл сынықтары өңдеуге жіберілді».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар