Теміртауда балалар ауруханасының басшылығы құрылыс компаниясымен соттасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда балалар ауруханасының басшылығы құрылыс компаниясымен соттасуда

Теміртауда балалар ауруханасының басшылығы құрылыс компаниясымен соттасуда

Теміртауда да балалар ауруханасының басшылығы жөндеуді бастап, аяқтамай тастап кеткен құрылыс компаниясымен соттасуда. Қарашада бітуі тиіс жұмыстың бүгенде тек жартысы атқарылған. Құрлысшылар болса бұған дер кезінде қаражат бөлмеген облыстық денсаулық сақтау басқармасының кінәсі деген уәж айтты. Екіжақты тартыстың кесірінен енді науқастар мен қызметкерлер аурухананың бір бұрышына тығылып отыр.

  • 12 Қаңтар 2013
  • 329
Фото - Caravan.kz

Қараша айында аяғын кеңге салуы тиіс аурухана қыс көзі қырауда ғимараттың бір бұрышына тығылуға мәжбүр. Өйткені ғимараттың қалған бөлігінде жөндеу жұмыстары аяқсыз қалған. Құрлысшылар бұған – ақшаны дер кезінде бөлмеген денсаулық сақтау басқармасын кінәлайды. Жалақы көрмегелі де көп айдың жүзі болды деген жұмысшылар бүгін құрал саймандарын жинап, кетіп жатыр.

Ал тапсыры берушінің өз уәжі бар. Істеген жұмысына қарай беріліп келген қаражат жөндеу жұмыстары бәсеңдегенде тоқтатылған. Себебі бөлінген 231 миллион теңгенің 100 миллионын алып қойса да мердігер жұмыстың жартысын да істеп бітпеген. Жұмысшыларын да жалақыдан қаққақ компания басшылығы көрінеді.  

Әсел Тұяқова, Қарағанды облыстық денсалық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

— Жалпы жұмыстың 40 пайызы ғана істелді. Соныдақтан біз жыл аяғында игерілмей қалған 118 млн теңгені бюджетке қайтаруға мәжбүр болдық. Қазір арнайы сараптамалар тағайындалып, қайтадан есеп қисаптар жүргізіліп, жөндеу ұмыстарына керекті қаражат тағы қарастырылатын болады.

Жөндеу жұмыстарын қолға алған «Монада» серіктестігінің басшылығы түсінік беруден бас тартып, төбе көрсеткен жоқ.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мердігер компанияны сотқа беріп, жауапсыздарды бұл нарықтан аластатуға барымызды саламыз деп отыр. Өйткені, осы дау салдарынан мына балалар ауруханасы алқам салқам күйде жазға дейін тұратын түрі бар. Ал мемлекет қаражатын осындай компанияларға үлестіргенде құзырлы органдар ай қарап жұлдыз санай ма деген өз алдына бір сұрақ. Өйткені өткен жазда Қарағанды қаласында жөнделуі тиіс мектептердің жартысынан астамы дәл осындай себептермен аяқсыз қалды.