Бірлік Тәшімовтың сөздеріне сүйенсек, 2007 жылдың 31-қаңтарында Теміртау қалалық ауруханаға «SOS Kinder Dorf International» балалар деревнясының тәрбиеленушісі жеткізілген. Дәрігерлер Николай Полинкиннің миына зақым келген, миы шайқалған, басы мен денесі көптеген жарақаттар алған деген диагноз қойған. Баланың айтуынша, оны тәрбиелеуші-ана болып ісейтін К. Жаңбырбаева есімді адам ұрып-соққан. Николай Полинкин бір айдай ауруханада емделген.
Прокурордың ақпараттарына сүйенсек, тергеу материалдарын прокуратураға бергеннен кейін К. Жаңбырбаеваның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 137-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті