Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Теміртау қаласы Ақтау кентінде 10 тамызда сағат 20.00-де жеке қораларда мал қырыла бастаған (7 ірі қара, 41 ұсақ мал, соның ішінде 8 қой мен 33 ешкі).
ТЖМ ақпаратына сәйкес, 10 тамызда мал "Интеррин" ЖШС-нің (жарылғыш заттарды сынау полигоны, ол Ақтау кентінен 3,5 шақырым жерде) ашық су қоймасынан су ішкен.
Осы аумақтан су мен шөптің сынамасы талдау үшін алынды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, малдың қырылуына белгісіз заттан улану себеп деп танылды. Қалған мал оқшауланып, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Теміртау қалалық аумақтық инспекциясы мал дәрігерлерінің бақылауына алынды.