Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
30 сәуір күні Бұқар жырау ауданындағы Ростовка ауылының маңындағы суқойма жағасынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлықпен өлтірілгенін дәлелдейтін белгілер бар.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыстық полиция қызметкерлері Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Теміртау қаласы Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының бұрынғы сержанты.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-ның 99-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр