Теміртауда газет редакциясын әдейі өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда газет редакциясын әдейі өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда газет редакциясын әдейі өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында полиция «Зеркало» газетінің редакциясын әдейі өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • 7 Қараша 2012
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Теміртау прокуроры Думан Қаржаспаев хабарлады.

«Редакцияның әдейі өртелгенін растайтын барлық белгілер бар. Оқиға орнынан тәркіленген бөтелке сынықтарының ішіндегі зат сараптамаға жіберілді. ҚР ҚК-нің 188 бабының 2 бөлімі («Әдейі өртеу жолымен өзгенің мүлкін қасақана құрту немесе бүлдіру») бойынша қылмыс белгілерінің бар екенін назарға алған Теміртау ішкі істер органдары прокуратураның нұсқауы бойынша қылмыстық іс қозғады», — деді Д.Қаржаспаев.

Оның айтуынша, қала прокуратурасы істі тергеу барысын өз бақылауына алды.

Бұрын облыстық ТЖД хабарланғандай, 7 қараша күні таңертең Теміртаудағы Байсейітова көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы «Зеркало» газетінің редакциясында өрт болды. Жалын тілі 6 шаршы метр аумаққа тарады. Кеңселік жиһаз бен ұйымдастыру техникасы өртенді.

Соңғы жаңалықтар