Теміртауда ірі сауда орталығы өртке оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда ірі сауда орталығы өртке оранды

Теміртауда ірі сауда орталығы өртке оранды

Ғимаратты қою қара түтін басып қалғандықтан өрт сөндірушілер жалын ошағын іздеп, кібіртіктеп қалған. Салдарынан тілсіз жаумен 5 сағат бойы алысқан оларды саудагерлер жерден алып жерге салды.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 327
Фото - Caravan.kz

Целый час смотрю эти друг за другом только ходят с одним шлангом, че такое. Пожарники не работали, ходят как сарай какой-то тушат.

Таң алакеуімнен тұтанған тілсіз жау ғимараттың 1-қабатынан басталыпты. Өрт жайында хабар берген орталық жұмыскерін құтқарушылар ғимараттың екінші қабатынының терезесінен шығарып алды. Түтінге тұншыққан ол ауруханаға жөнелтілген. Ал өртті ауыздықтауға 60-қа жуық өрт сөндіруші мен 14 техника жұмылдырылды. Тауарларына алаңдаған саудагерлерді өткізбеу үшін орталықты полиция қызметкерлері де қоршауға алды. 400 шаршы метрді шарпыған отпен 5 сағат арпалысқан  өрт сөндірушілер түтінге тұншықтық деп ақталды. 


Сергей Коваленко, Қарағанды облыстық ТЖД өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы:

Киім-кешек пен тұрмыстық техника жанғанда жағдай ауырлап кетеді. Ештеңе көрінбейді және түтіні өте улы. Сондықтан барымызды салдық.