Теміртауда күл-қоқыс маңынан жаңа туған сәби табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда күл-қоқыс маңынан жаңа туған сәби табылды

Теміртауда күл-қоқыс маңынан жаңа туған сәби табылды

Теміртауда тастанды шақалақ табылды. Жаңа туған сәбиді таңертең  аула тазалауға шыққан жұмысшы күл-қоқыстың ішінен шығарып алған.

  • 4 Қазан 2013
  • 280
Фото - Caravan.kz

Шақалақ құндақталып, сөмкеге салыныпты. Бірден ауруханаға жеткізіліп, полицияға хабар берілді. Туылғанына шамамен 3 күндей болған сәбидің салмағы 3 келіге жуықтайды, денсаулығында айтарлықтай ақау жоқ дейді дәрігерлер. Бірақ сәби сол үш тәуліктен бері мүлдем ауызданбаса керек, сүт соруға да шамасы келмепті. Сондықтан оны жасанды аппараттың көмегімен коректендіріп жатыр.


Лариса Карпова, дәрігер-неонатолог:

Баланың үйде туылғаны көрініп тұр. Өйткені кесілген кіндігі шүберекпен байланыпты. Аздап суық өткені болмаса, жарақаты жоқ.