Теміртауда нөсер жауын салдарынан жолды су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда нөсер жауын салдарынан жолды су басты

Теміртауда нөсер жауын салдарынан жолды су басты

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында нөсер жауын салдарынан жолды су басты.

  • 29 Маусым 2016
  • 383
Фото - Caravan.kz

Металлургтер қаласының тұрғындары тасқын суды бейнежазбаға түсіріп, роликті әлеуметтік желіге орналастырған. Кадрда судың жаяу жүргенде тізеден келетінін, ал көліктердің жүзіп жүргенін анық көруге болады. Авторлардың кейбірі бейнежазбада Теміртауды Венециямен салыстыруда.

 «Жағдай бақылауда. Нөсер жауын жауды. Жолды су басты, тұрғын үйлерге қауіп жоқ. Қазір су мөлшері азаюда», — деп хабарлады қаланың Төтенше жағдайлар басқармасы.