Теміртауда өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры құлап кетті

Теміртауда өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры құлап кетті

Қарағанды облысының Теміртау қаласында өрт кезінде тұрғын үйдің шатыры құлап кетті,

  • 30 Мамыр 2011
  • 389
Фото - Caravan.kz

зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Өткен жексенді күні күндізгі сағат 13.28 кезінде Теміртауда тұрғын үйде ағаш торламалар жанып, оның бір бөлігі 640 шаршы метр жерге құлап түсті», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Құтқарушылардың мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт сөндіру бөлімшесінің қызмткерлері келіп жеткенше, тұрғындар пәтерлерінен өздері шықты.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 29 қызметкері мен 10 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жалын 45 минут ішінде сөндірілді.

«Өрттің себептері анықталуда», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар