Теміртауда өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 541.45
  • 631.17
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді

Теміртауда өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді

Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты, олардың арасында 6 және 10 жасар балалар бар. Тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді.

  • 31 Наурыз 2011
  • 335
Фото - Caravan.kz

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

Төтенше оқиға сәрсенбі күні кешкі сағат 19:52-де Теміртау қаласының 8-ші ықшамаудандағы 30-шы үйдің 19-шы пәтерінде орын алған. ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, қызыл жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады.

«Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 15 маман мен 4 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 20:38-де ауыздықталды. Ауаға тараған көгілдір отынның тұтануынан пайда болған өрт пәтерді шарпыған», — делінген ведомство ақпаратында.