Теміртауда орын алған атыста 20 жасар жігіт мерт болды
Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында болған атыста 20 жасар бозбала оқтан қайтыс болды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлайды. |
«Атыс 1990 және 1991 жылдары туылған бес жігіттің арасында орын алды. Шиеленіске қатысушылардың біреуі атыс кезінде ауыр жарақаттанып, Теміртау ауруханасында көз жұмды. Оған бытырамен оқ атыпты. Алдын ала болжам бойынша атыс себебі – жеке бастық жек көрушілік», - деп сейсенбі күні Қарағанды облыстық прокуратура баспасөз хатшысы Нұрбек Құзбақов мәлім етті.
Полицейлер әзірге түсініктеме беруден тартынып отыр. Белгілісі, оқиғаның мән-жайы толығымен ашылып, кім атқаны белгілі болмайынша атысқа қатысқандар қамауға алынбапты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін