Теміртауда қарулы ер кісі өтіп бара жатқан адамды тонамақ болған
Қарағанды облысының Теміртау қаласында өтіп бара жатқан адамды қарумен қорқытып тонамақ болған күдікті жергілікті тұрғын құрықталды. |
Бүгін "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков мәлімдегендей, кеше "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 39 жастағы электр жөндеушісі өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны жөнінде полицияға жүгінген.
"Зардап шеккен азаматтың айтуынша, ол көшеде келе жатқанды белгісіз біреу жүгіріп келіп ақша мен құжаттар салынған қол сөмкесін тартып алмақ болған. Онысынан түк шықпаған соң, қарақшы травматикалық тапанша алып, оқ атқан. Алайда ол атқан оғы далаға кетіп, өзі қашып кеткен", - дейді Ж.Сембеков.
Бұл күні шабуыл жасаған азамат ұсталып, тіркелмеген травматикалық тапаншасы тәркіленді. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін