Теміртауда қарулы ер кісі өтіп бара жатқан адамды тонамақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда қарулы ер кісі өтіп бара жатқан адамды тонамақ болған

Теміртауда қарулы ер кісі өтіп бара жатқан адамды тонамақ болған

Қарағанды облысының Теміртау қаласында өтіп бара жатқан адамды қарумен қорқытып тонамақ болған күдікті жергілікті тұрғын құрықталды.

  • 10 Маусым 2011
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бүгін «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаменті ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков мәлімдегендей, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 39 жастағы электр жөндеушісі өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны жөнінде полицияға жүгінген.

«Зардап шеккен азаматтың айтуынша, ол көшеде келе жатқанды белгісіз біреу жүгіріп келіп ақша мен құжаттар салынған қол сөмкесін тартып алмақ болған. Онысынан түк шықпаған соң, қарақшы травматикалық тапанша алып, оқ атқан. Алайда ол атқан оғы далаға кетіп, өзі қашып кеткен», — дейді Ж.Сембеков.
Бұл күні шабуыл жасаған азамат ұсталып, тіркелмеген травматикалық тапаншасы тәркіленді. Ол уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Соңғы жаңалықтар