Теміртауда төрт мемлекеттік мектептің басшылары қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда төрт мемлекеттік мектептің басшылары қызметінен босатылды

Теміртауда төрт мемлекеттік мектептің басшылары қызметінен босатылды

ҚАРАҒАНДЫ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Теміртауда төрт мемлекеттік мектептің директорлары оқу мекемелеріндегі бірқатар заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Ақпан 2007
  • 345
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылдың аяғында прокуратура Теміртау қаласының білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде сыбайлас жемқорлық деректерін әшкерлеген болатын. Атап айтқанда, мектептердегі алым-салық деректері анықталған. Тек бір ғана лицейде оқушылардың ата-аналарымен жалпы сомасы 10 млн теңгені құрайтын келісім жасалған. Сонымен қатар, кейбір мектеп басшылары өздері басқарып отырған оқу орнына өз атын берген деректер де анықталған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстың тәртіптік кеңесі прокуратураның бес мектеп директорының атына жасаған ұсыныстарын қарастыра отырып, оларға тиісті шара қолдануға кеңес берді. Нәтижесінде төрт директор қызметінен босатылып, бесіншісі өз жұмысын жалғастыруда.

Оқу орнының қызметінен босатылған директорлары мұндай шешіммен келіспей отыр. Олар сотқа өздерін бұрынғы лауазымдарына қайта тағайындауды және де мәжбүрлікпен жұмыссыз қалған уақыттағы жалақыларын төлеуді талап еткен шағым-арыз берді. Қазіргі уақытта Теміртау қалалық сотында аталмыш іс бойынша сот процессі өтуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті