Теміртауда ұялы телефондар сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда ұялы телефондар сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Теміртауда ұялы телефондар сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағанды облысы Теміртау қаласында ұялы телефондар сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қала орталығындағы Металлургтер даңғылында орналасқан дүкенге 22-желтоқсанда 19 сағат 40 минутта белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Дүкенге кіріп келген қылмыскерлер кезікпен қорқыта отырып, дүкен сатушысы мен күзетшіні скотчпен байлап, қосалқы қоймаға қамап тастаған. Қылмыскерлер дүкен кассасынан күндік пайда — 200 мың теңге мен 98 қалтафонды тонап кеткен.

Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта