Теміртауда жастардың альтернативті мәдениетінің фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда жастардың альтернативті мәдениетінің фестивалі өтті

Теміртауда жастардың альтернативті мәдениетінің фестивалі өтті

Теміртау қаласында жастардың альтернативті мәдениетін ұстанушылар «Планета DMS» фестивалін өткізді.

  • 20 Маусым 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Теміртау жастар клубы» қоғамдық бірлестігінен хабарлады.

«Жастардың субмәдениеті азаматтық патриотизмді қолдайды!» деген ұранмен өткен фестивальдің мақсаты — жастардың арасында отансүйгіштік, адам құқығы, белсенді азаматтық ұстаным сияқты әлеуметтік құндылықтары кеңінен таныстыру», — дейді ұйымдастырушылар.

Олардың пікірінше, патриоттарды тәрбиелеуде мәдени құндылықтардың маңызы зор. «Хип-хоп мәдениетіне әуес жастардың басын қосып, біз олардың шығармашылық әлеуеттеріне жағдай жасауға, шеберліктерін жетілдіруге көмектесуге тырысып отырмыз», — дейді Теміртау жастар клубының жетекшісі Алексей Ломакин.

Фестиваль аясында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап шеберлік сабақтары өткізілді.

Шараны ұйымдастыруға облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» Заңды тұлғалар ұйымы, Теміртау жастар клубы атсалысты.

Соңғы жаңалықтар