Теміртауда жергілікті тұрғындар су қоймасының түбінен оқ-дәрі салынған дорба тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда жергілікті тұрғындар су қоймасының түбінен оқ-дәрі салынған дорба тауып алды

Теміртауда жергілікті тұрғындар су қоймасының түбінен оқ-дәрі салынған дорба тауып алды

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Теміртауда жергілікті тұрғындар су қоймасының түбінен оқ-дәрі салынған дорба тауып алды.

  • 10 Шiлде 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Дүйсенбі күні кешке Самарканд су қоймасында суды ағызып жібергеннен кейін жергілікті тұрғындар оның түбінен полиэтилен дорбаға салынған алты дана Ф-1 гранатасын, бір РГД-5 гранатасын, гранаттарға арналған бес тұтандырғыш, 5,45 калибрлі 200 оқ тауып алды. Олардың бәрін тот басып қалған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше табылған оқ-дәрілер ІІД қызметкерлерінің қорғауында қауіпсіз жерде сақтаулы тұр», — деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге тағы бір Ф-1 жауынгерлік гранатасы Қарағанды облысының Атасу станциясында табылды. Гранатаға ұқсас затты жергілікті тұрғындар өткен жұмада тауып алған. Артынан бұл заттың жауынгерлік граната екені анықталып, дүйсенбі күні кешке Қорғаныс министрлігінің саперлері оны жойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті