Caravan Logo

Теміртауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Теміртауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Облыстық полицияның тіл басқармасы бастығы Жаңатай Сембековтың айтуынша, қайғылы оқиға сенбі күні болған. «Тойота» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың шетінде тұрған көлікке соқтығысып, кейін жол жиегіндегі көкөніс сататын дүңгіршекке соғылған.

Салдарынан 53 жастағы сатушы мен 52 жасағы сатып алушы оқиға болған жерде көз жұмған. Көлік жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.