Теміртаудағы металлургиялық комбинатта металл сынықтарын ұрлаушылар арнаулы бөлімше жауынгерлерімен атысты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаудағы металлургиялық комбинатта металл сынықтарын ұрлаушылар арнаулы  бөлімше жауынгерлерімен атысты

Теміртаудағы металлургиялық комбинатта металл сынықтарын ұрлаушылар арнаулы бөлімше жауынгерлерімен атысты

Теміртаудағы металлургиялық комбинат аумағынан металл сынықтарын ұрлаушылар арнаулы бөлімше жауынгерлерімен атысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз орталығыанн хабарлады.

  • 25 Мамыр 2005
  • 528
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, 20-мамыр күні кешкісін белгісіз біреулер комбинат аумағына өтіп, шығыран айдаушыға қару кезеніп қорқыту арқылы ұрланған металды көлікке тиеуге мәжбүр еткен. Комбинат аумағынан шыға берісте автокөлікті полицияның арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері тоқтатуға әрекет жасаған. Бұған жауап ретінде қылмыскерлер оқ жаудыра бастайды.

Соның салдарынан полицияның екі қызметкері жараланды. Екі қарақшы оқиға орнында ұсталды. Бір тонаушы жараланған. Оқиға орнынан қару-жарақ пен оқ-дәрі алынды. Үшінші күдікті іздестіріліп жатыр.
Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта