Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Теміртауда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Куриленко 98 жасқа толды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
1944 жылы 17 жастағы Куриленко Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Балтық жағалауындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің зениттік артиллериясына жіберілген болатын. Ал соғыстың соңғына қарай Польшаға ауыстырылды. Сол жақта олардың әскери бөлімшесі Висла өзеніндегі бомбалаудан кейін қалпына келтірілген теміржол көпірін қорғады. Дәл осы көпірде Николай Семенович жеңісті қарсы алды.

Теміртаудағы жалғыз соғыс ардагері 98 жасқа келді
© Photo : Сайт Минобороны Казахстана
Соғыс аяқталса да, жас сарбаз 1951 жылға дейін әскерде қызмет етті. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуковтың «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
Брянск облысының тумасы 1958 жылы әйелі Мария Федоровнамен бірге комсомолдық жолдамамен Қазақстанға Магнитканы, қазіргі Теміртау қаласын салуға келген.
Қазіргі кезде Николай Куриленко Теміртау қаласындағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері. Бес бала тәрбиелеп, олардан 10 немере, 13 шөбере және 3 шөпшек сүйіп отыр.
Ардагерді бүгінгі туған күнімен Қарулы күштердің 55524 әскери бөлімінің әскери қызметшілері құттықтады. Николай Семенович қонақтарды қуана қарсы алды. Өзі де өнерге жақын екенін көрсетті. Ардагер ақын Александр Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасынан үзінді оқып берді.

Теміртаудағы жалғыз соғыс ардагері 98 жасқа келді
© Photo : Сайт Минобороны Казахстана