Теміртаулық көп балалы отбасында 15-ші нәресте дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаулық көп балалы отбасында 15-ші нәресте дүниеге келді

Теміртаулық көп балалы отбасында 15-ші нәресте дүниеге келді

Теміртауда көп балалы отбасында 15-ші нәресте дүниеге келді. Тұңғыштарын 19 жыл бұрын дүниеге әкелген ана әр 1,5 жыл сайын перзенханаға оралып тұрыпты. Жаратқан жар болса, әлі де бала сүюден қашпаймыз,- дейді көпбалалы ерлі-зайыптылар.

  • 3 Мамыр 2013
  • 442
Фото - Caravan.kz

Петр мен Ольга Фигелер өткен жылы ғана отасқандарына 20 жыл толған мерекесін бала шағасымен 16 жан боп атап өткен. Енді 7 ұл, 7 қыз бар үлкен отбасындағы тепе-теңдікті бұзып, өмірге қыз бала Аника дүиеге келді. Дәрігерлер сәбидің денсаулығы өте жақсы екенін айтқан. Қазір үбірлі -шүбірлі отбасы бұрынғыдай баспанада таршылық көріп жүрген жоқ. Себебі осыдан 5 жыл бұрын 13 баласы бар отбасын қала билігі бос тұрған балабақша ғимаратына осындай 4 отбасымен қоса жеке-жеке қоныстандырған екен. Беделді фирмада қызмет ететін отағасы ешкімге алақан жаймай, табысын бала-шағасына жеткізіп келеді. Діни-наным сенімге бой ұрған отбасы Құдай сәбимен қоса оның несібесін де береді дейді.  


Ольга Фиге, көпбалалы ана:

— Құдайдың берген баласын ала береміз. Өйткені бала өмірдің мәні мен сәні. Одан бас тарту үлкен күнә. Денсаулығым жеткенше бала туудан қашпаймын.