Теміртаулық пәтеріне тіркемеген досының көзін шығарып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаулық пәтеріне тіркемеген досының көзін шығарып жіберді

Теміртаулық пәтеріне тіркемеген досының көзін шығарып жіберді

Бұл туралы nv.kz хабарлайды. Жанарынан айырылған Теміртау тұрғыны мен айыпталушы жұмыс орнында танысыпты. Екеуі құрылыста бірге жұмыс

  • 10 Наурыз 2017
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Жанарынан айырылған Теміртау тұрғыны мен айыпталушы жұмыс орнында танысыпты. Екеуі құрылыста бірге жұмыс істеп, достасып, кейін бірге ішетін болған. Ал құрылыс бригадасы болса өздерінің жаңа жұмысшысының бұрын төрт мәрте сотталғанынан хабарсыз болыпты.

Өткен жылдың 3 қыркүйегінде айыпталушы қарызын беру үшін кірген. Ол өзімен бірге бірнеге бөтелке арақ және сыра алып келген. Екеуі тез масаяды. Сол кезде айыпталушы досынан өзін пәтерге тіркеуді өтіне бастайды. Ал танысы болса оған қарсылық білдірген.

Ер адам бұған риза болмай, танысын жерге құлатып, аямай ұзақ ұрады. Ұрып қана қоймай, кеудесіне отырып алып үлкен саусақтарымен көзін жаныштап жібереді. Көмекке әйелі жүгіріп келген. Айыпталушы оған да дәл сондай қастандық жасамаққа ұмтылады. Алайда әйел оның құрығынан құтылып кетеді. Осыдан соң айыпталушы жүгіріп сыртқа шығып кетеді.

Зардап шегушіні бірден ауруханаға жеткізген. Ол бас-ми жарақатын алып, үш қабырғасы сыныпты. Ең қорқыныштысы дәрігерлер оның көзін алып тастаған.


Осылайша теміртаулық “Денсаулыққа әдейілеп ауыр зиян келтіру” бабы бойынша сотталды. Ол сотта кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. Ал жанарынан айырылған ер адам айыпталушыны мейлінше қатаң жазалауды сұрапты. Сондай-ақ, өзіне миллиондап өтемақы төлеуді де талап еткен. Ол енді үш жарым жыл жазасын өтеп, зардап шегушіге моральдық шығын мен көз протезі құнын өтеп беруі тиіс.